• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қаңтар, 2023

Стенд ату: Қазақстан Рабатта алтын медаль еншіледі

358 рет
көрсетілді

Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Рабат қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан спортшылары Әлем кубогында сәтті өнер көрсетті.

Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Адель Садақбаева командалық жарыстарда алтын медаль жеңіп алды.

Алтын медаль үшін шешуші кездесуде отандастарымыз АҚШ құрамасынан озық болды.