• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қаңтар, 2023

Такси жүргізушісін өлтірген жігіт 14 жылға сотталды

246 рет
көрсетілді

Қарағандыда такси жүргізушісін өлтіріп, көлікті айдап кеткен азамат 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қылмыстық іс сотта «Адам өлтіру» және «Көлік ұрлау» деген екі бап бойынша қаралды. Такси жүргізушісін өлтіру оқиғасы 2022 жылдың қазан айында болды.

Сот тергеуі барысында белгілі болғандай, жолда жол ақысын төлеуге байланысты туындаған жанжал кезінде жүргізуші жолаушының бетінен бұрағышпен ұрған. Содан кейін жолаушы қолына пышақ алып, жүргізушіні бірнеше жерден жарақаттаған, жүргізуші алған жарақаттарынан көз жұмды. Кейін сотталушы көлікті айдап кеткен.

«Сотталушының кінәсі куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындысымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Прокурор оны тағылған екі бап бойынша да кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, 20 миллион теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап қойған», деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сотталушының қорғаушысы сотталушының әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша саралауды және автокөлікті айдап әкету фактісі бойынша ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

Сот барлық дәлелдемелерді, айғақтарды және сараптама нәтижелерін зерттеп, сотталушыны 14 жылға бас бостандығынан айырды.

«Оның әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы анықталды, өйткені ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ сотталған азаматтан жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 миллион теңге өндірілді», деді сот.