Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында тұрғын үйдің жалпы аумағын пайдалануға беру 8,8%-ға азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселен, өткен жылы тұрғын үйлердің жалпы санынан:
Жалпы ауданы 8 843,9 мың м2 болатын 1540 көппәтерлі үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылға қарай 91,5%-ды құрады; Жалпы ауданы 6 499,8 мың м2 36 365 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылға қарай 92,6%-ды құрады.Бұл ретте, 2022 жылы тұрғын үйдің жалпы алаңының шаршы метрін салуға жұмсалған орташа нақты шығындар 12,2%-ға өсті.
Республиканың 14 өңірінде тұрғын үйді пайдалануға берудің ұлғаюы байқалды. Өсу қарқыны бойынша Павлодар облысы (32,1%-ға), одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (15,4%-ға) және Жетісу облысы (8,8%-ға) көш бастап тұр.
Сонымен қатар, Ұлытау (29,6%-ға), Маңғыстау (15,1%-ға), Солтүстік Қазақстан (13,1%-ға) және Атырау (7,8%-ға) облыстарында, сондай-ақ Астана (24,7%-ға) және Алматы (34,6%-ға) қалаларында тұрғын үй пайдалануға берілді.