• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2023

Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

327 рет
көрсетілді

Қарағандыда 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл әсіресе көпбалалы отбасылар үшін үлкен қолдау болмақ.

«Қарағандыда 7 мен 18 жас аралығындағы 110 мыңға жуық тұрғын бар. Электронды билетті енгізу және автобустарды жаңартуға байланысты мен оларға Қарағанды ​​қаласы бойынша тегін жүруді қамтамасыз етуді тапсырдым», деді облыс басшысы. 

Е.Бөлекпаев бұл шешімді апатты жағдайда тұрған №44 мектептің ұстаздар қауымы мен оқушылардың ата-аналарымен кездесу барысында айтты.

1948 жылғы ғимаратты қалпына келтіру мүмкін емес. Оның орнына жаңа білім ошағын салуды жоспарлап отыр. Оқушылар мен мұғалімдер №64 мектепке ауыстырылды.