• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қаңтар, 2023

Цифрландыру саласындағы сыйлық

199 рет
көрсетілді

«Digital Almaty: жаңа бол­мыстағы цифрлық әріптестік» халық­аралық технологиялық фору­мы аясында цифрландыру сала­сындағы үздік жетістіктері үшін дәстүрлі жыл сайынғы сый­лық табыс етіледі. Бұл туралы Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр­лігі хабарлады.

Жеңімпаздар алты аталым бойынша белгіленеді. Атап айтқанда, EdTech Company of the Year; MedTech Company of the Year; FinTech Company of the Year; e-Commerce Company of the Year; Woman in Tech of the Year; Venture Capitalist of the Year аталымдары бойынша бақ сынауға болады.

IT-саласындағы барлық ком­пания Digital Almaty Awards бөлімінде «Өтінім беру» батыр­­масын басып, форумның almatydigital.kz сайтында сыйлық алуға өтінімді бере алады. Өті­нім­дер 21 қаңтарға дейін қабыл­да­нады. Жеңімпаздар 2023 жылдың 2-3 ақпанында «Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» форум барысында марапатталады.

Айта кетелік, алғашқы рет атал­ған сыйлық «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифр­лық болашағы» форумында 2020 жылы берілген, онда 10 цифрлық жоба ұсынылған, оның ішіндегі 8-і «IT-чемпионы» санатында­ғы Қазақстанның үздік IT-ком­паниялары өнімдері және 2 жоба Astana Hub брендтегі стартаптар.

Digital Almaty – цифрлық күн тәртібін, цифрлық транс­фор­мацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диа­лог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бес рет өткізілді. Іс-ша­раны еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Алматы қала­сының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.

 

«Егемен-ақпарат»