Бүгін Павлодарда электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде жарық уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «Горэлектросеть» мекемесінің қызметкерлері жүргізеді. Осыған байланысты сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін бірнеше нысанда электр энергиясы өшіріледі.
Атап айтқанда, Генерал Дүйсенов, Толстой, Астана, Исиналиев көшелеріндегі тұрғын үйлерде жарық болмайды.