• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қаңтар, 2023

Сенатор ауыл тұрғындарының табысын арттыру туралы айтты

189 рет
көрсетілді

Сенатор Абдалы Нұралиев еліміздің Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында ауыл тұрғындарының табысын арттыру жолдарын ұсынды. Дәлірек айтсақ, депутат «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасының нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоба жер телімдерін пайдаланудың тиімділігін, мал мен құстың өнімділігін арттыруға және жемшөп пен жайылым жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру үшін ауылдар маңындағы жер телімдерін неғұрлым ұтымды пайдалануға бағытталған. Жоба аясында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қаржыландыру мүмкіндігі де туады.

«Пилоттық жобаның нәтижесінде жеке кәсіпкерлер саны 2 282 артып, 589 жаңа жұмыс орындары ашылуы есебінен жұмыссыздар саны 194 адамға кеміді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1 058 отбасыға немесе 65%-ға азайды. Сонымен қатар жоба аясында мал басы ұлғайып, ет және сүт өндірісі едәуір артты», деді сенатор.

Аталған жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрліктерінің, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сарапшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәулен Әшімбаев осы жылдың қаңтар айында облысқа жасаған сапары барысында бұл жобада көзделген міндеттер Мемлекет басшысының 2022 жылғы Жолдауында көрсетілгенін де атап өтті.

«Жоба жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдауға негізделген. Пилоттық жобаның аясында қосымша 40 ауылдық округтеріндегі 4 000 жобаны жүзеге асыру үшін 20 млрд теңге қаражат қажеттілігі туындайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ауыл халқына ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтауға микрокредиттер беру» бюджеттік бағдарламасы аясында аталған соманы республикалық бюджеттен бөлуге жәрдемдесуді сұраймыз», деді Әбдәлі Нұралиев.