Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қала және аудан әкімдеріне су тасқыны қаупінің алдын алу үшін дайындық шараларын жүргізуді, сондай-ақ елді мекендерді су басу қаупі төнген жағдайда атқарылатын іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
– Елді мекендердегі қарды тазалау мен шығару жұмыстарын жалғастыру қажет. Тасқынды болдырмау үшін қазірден бастап қорғаныс және алдын алу шараларын жүргізу керек. Синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болады деп күтіледі.. Сондықтан су тасқыны кезеңінің қамын қазірден қолға алған жөн, – деді облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.