Қазгидромет 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады.
Республиканың батыс және оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Ал еліміздің солтүстік, шығыс және орталығының синоптикалық жағдайына Баренц теңізінің аудандарынан циклон әсер етеді, қар жауып, жел күшейеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.