Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әңгіме барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.