• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2023

Таразда «Ақсай» базарынан өрт шықты

302 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 13:22-де Таразда «Ақсай» базарындағы жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысы ТЖД Өртке қарсы бөлімшелері оқиға орнына хабарлама түсе салысымен аттанған. Құтқарушылар ғимараттың бірінші қабатынан 4 адамды құтқарды. Қазір зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.Алдын ала ақпарат бойынша өрттің ауданы шамамен 1500 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта киім-кешек, ойыншықтар, маталар мен перделерді сату бөлімдері орналасқан.«Өрт орнына Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам өрт сөндірушісі мен 16 техника жұмылдырылды», делінген ТЖД хабарламасында.