Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында екі киіктің ұшасы, одан бөлек сойылған ет, тері, 36 киік мүйізі, бір нөмірі өшірілген 16-калибрлі аңшы мылтығы, балта табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.