• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Қаңтар, 2023

Елорданың Тұран мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы шектелді

169 рет
көрсетілді

21 қаңтарда Тұран мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысында болған коммуналдық апатқа байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

City Transportation Systems хабарлағандай, № 26, 40 маршруттар Тұран даңғылы - Бұқар жырау көшесі - Қабанбай батыр даңғылы - Ұлы дала даңғылы бойынша уақытша жүреді.

Бұқар жырау көшесіндегі көлік ағынына байланысты жол кептелісі байқалады. Бұл № 26, 40 маршруттардың қозғалыс кестесін уақытша өзгертуге себеп болды.