Жазатайым оқиға Қарағанды қаласында сағат 18:51-де Щорс көшесі, 37-үйде болған.
«2 қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылған (көлемі 5 литр). 2 адам ауруханаға жеткізілді», делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жарылыс салдарынан 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел зардап шекті, олар күйікпен Қарағанды қаласының облыстық медициналық орталығына жатқызылды. Оқиға орнында 36 қызметкер мен 8 бірлік техника жұмыс істеп жүр.
Қала әкімдігі зардап шеккен тұрғындарға жатақханадағы орындарды ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.