• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 23 Қаңтар, 2023

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатының финалына шықты

230 рет
көрсетілді

Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты-2023 турнирінің финалына Қазақстанның үш боксшысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалға Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін) пен Махмуд Сабырхан (57 келіге дейін) өтті.

Махмұд Сабырхан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алу үшін филиппиндік Йерихо Акайлармен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Махмұд Сабырхан мықты болып шықты. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Енді ол алтын медаль үшін Тайланд елінің спортшысы Саравут Суктетпен жекпе-жек өткізеді. 

54 келі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Алтынбек пен Қырғыз елінің боксшысы Ислам Торобаев арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектің нәтижесінде отандасымыз жеңімпаз атанды. Енді ол алтын жүлде үшін финалда филиппиндік Флинт Джарамен күш сынасады.

Сондай-ақ финалға жолдаманы 48 келі салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Тәшкенбай алды. Ол тайлық Наттафонг Туамчароенді ойсырата жеңді. Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай - бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының және ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы.

2023 жылғы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты 27 қаңтарда аяқталады.