• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қаңтар, 2023

Ақтөбе облысында тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам зардап шекті

249 рет
көрсетілді

Алғын ауданындағы жеке үйде табиғи газ жарылып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Маржанбұлақ ауылында болған.

«Биылғы жылдың 23 қаңтарында сағат 17:40-та «112» пультіне Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында, Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойында жеке тұрғын үйде газ жарылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 2 техникасы мен 4 қызметкері шықты. Жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті, олар облыстық көпсалалы аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер 9-дан 19 пайызға дейін әртүрлі дәрежеде күйік алған. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.