• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қаңтар, 2023

Қазақстан мен Эстония көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

171 рет
көрсетілді

Қазақстанның елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының Экономика және коммуникациялар министрлігінің вице-канцлері Каупо Ляанерандпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұхбат барасында тараптар Қазақстан-Эстония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ Эстония делегациясының Қазақстанға алдағы сапарын талқылады.

Осы орайда қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар мен инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары туралы хабардар етті. Өз кезегінде К.Ляанеранд Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру мақсатында алдағы уақытта бірлескен іс-қимылдар туралы келісті.