• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тарих 24 Қаңтар, 2023

Есенберлиннің жазу үстелі

395 рет
көрсетілді

Жазушы үшін қаламнан кейін тағы бір қымбат дүние бар, ол – жазу үстелі. Әдебиетіміздегі тарихи романдардың көшбасшысы Ілияс Есенберлиннің жазу үстелі, туған жері – Атбасар қаласындағы көрнекті қаламгер атындағы әдеби музейде сақталған. Бұл жәдігерді суреткердің отбасы 2012 жылы аталған мұражайға тапсырған.

Жазу үстелінің түсі ашық қоңыр. Оның бетіндегі тақтайы бір ағаштан жасалған, көлемі (139,7х70,0х3,0 см). Үстелдің пішіні тіктөртбұрышты болып келеді. Лакпен жылтыратылып, жиектері қоңыр түсті тек­стурный қағазбен қап­тал­ған. Үстелдің оң жағындағы тартпаның ішіне артық заттарды қоюға болатын орын бар. Сонымен бірге сол жағындағы шағын үш тартпаның да көлемі бірдей. Тартпалардың жиегі алтын түсті жолақтармен бе­зен­дірілген. Үстелдің аяғы мық­ты, берік. Айта кетейік, жазу үс­­телі 1980 жылы Германияда жа­­сал­ған.

Бұл үстелді жазушыға туған бауыры Раунақ Есенбер­лин Рига қала­сында тұрғанда сатып алып беріпті. Осы жазу үстелін­де қа­быр­ғалы қаламгер әдебие­ті­міз­дің қа­зынасын байытқан бірқатар сүбелі шығармасын өмірге әкелген.