• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2023

Жақып Асанов жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

485 рет
көрсетілді

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Жақып Асанов өзінің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Маған осындай үлкен сенім артқанын кеше ғана білдім. Бірақ, әрине, менің жеке қоржынымда құқық қорғау және сот жүйесіне әсер ететін заң жобалары бар. Дегенмен тамыз айынан бастап біз Сенат депутаттарымен өте тығыз жұмыс істедік. Көптеген шешімдер қабылданды», деді Ж. Асанов ОСК-да журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Айта кетейік, кеше Президент Жарлығымен 13 сенатордың өкілеттігі тоқтатылды. Олардың төртеуі бірден қызметке тағайындалды. Олар Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіров. Сондай-ақ Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы Жақып Асанов та Сенаттың жаңа депутаты болды.

Сенаторлар қызметінен тоғыз адам кетті. Олар Владимир Волков, Бақытжан Жұмағұлов, Қайрат Қожамжаров, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Талғат Мұсабаев, Дана Нұржігіт, Қанатбек Сафинов, Ләззат Сүлеймен және Серікбай Трумов.