• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Қаңтар, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

271 рет
көрсетілді

Қазгидромет 26-28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына атмосфералық қысымның жоғарылау өрісі әсер етеді. Сол себепті жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Жаяу бұрқасын жүріп, қар жауады және жел күшейеді. Республика бойынша температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді. Алайда елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз - 3 аязға, солтүстік және таулы аудандарда – 8 аязға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады.