• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қаңтар, 2023

Журналистиканың миссиясы – адалдық

233 рет
көрсетілді

Қазір оқу мәдениеті төмендеп кетті. Мәселен, Еуропа елдерінде қоғамдық орындарда, метроларда кітап, газет оқып отырған адамдарды жиі кездестіресіз. Бұл оқитын адамның мәдениеті жоғары болады деген сөз.

Бізде кітап сыйлау, газетке жазылу үрдіске айналуға тиіс. Сол кезде ешқандай мәселе – баспасөзге жазылымға мемлекет көмектесуі керек, мәжбүрлеу деген мәселе туындамайды. Оқырманның сұранысын қанағаттандыратын мақалалар болуы керек. Аймақтық, респуб­ликалық басылымдар елдегі өткір мәселелерді көтеріп, соның шешу жолдарын ұсына білуі қажет.

Тағы бір мәселе – журналис­тер өз арасында ықпалы мен мәртебесін көтеруге мүдделі емес. Қазір «Масс-медиа туралы» заң жобасын жиі сынаймыз, бірақ жобаны жетілдіруге журналистердің өздері үлес қосып жатқан жоқ. Жоба ашық талқылауға шығарылды. Бірақ шынтуайтына келгенде заң жобасының мәтінімен толық танысып шыққан журналистер санаулы. Сынауға бармыз, бірақ ұсыныс білдіріп, кем-кетігін жөндеуге деген құлшыныс жоқ.

Жалпы журналистикада бұл салаға қия­нат жасамайтындар, мамандығына адал­дар жүруі керек. Газет, сайт ашып алып, оны «инфокиллер» сияқты «тапан­шаға» айналдыруға, жеке басқа пай­­да­лануға болмайды. Осының кесі­рінен жур­налистиканың ықпалы әлсі­реп, жур­налистің мәртебесі төмендеді.

 

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ,

Түркітілдес журналистер қорының президенті