АСТАНА. 16 маусым. Павлодар облысы бойынша қаржы полициясы департаментіне басшы болып Денис Шәкенов тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Өңір әкімі Қанат Бозымбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кеңесте Денис Шәкеновті облыс активіне таныстырды.
Д.Шәкенов сәуір айынан бері Павлодар облысы қаржы полициясы департаментінің бастығы міндетін уақытша атқарып келген. Ал департаменттің бұрынғы басшысы Мұрат Қабденов өз еркімен қызметінен босатылған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: ҚазАқпарат».
Фото: BNews.kz.