• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2023

Рудныйдағы жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді

272 рет
көрсетілді

Бүгін Рудныйда Горняков көшесінің бойында жарылған жылу трассасы қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше сағат 14:00-де диаметрі 530 мм болатын жылу трассасы жарылған еді. 24 көпқабатты үй, 59 жеке тұрғын үй және 16 заңды тұлға жылусыз қалған болатын. Сағат 16:00-де құбырдың жарылған тұсы анықталды.   Әкімдік мәліметінше, ақауды жою бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізілген. Жұмыстар бүгін таңғы сағат 6:30-да аяқталды.