• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2023

Шетелдік нөмірлері бар көліктер техникалық байқаудан өте алады

314 рет
көрсетілді

27 қаңтардан бастап шетелдік нөмірлері бар көліктер техникалық тексеруден өте алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, шетелдік автокөлік құралдарының иелері немесе жүргізушілері 1 815 техникалық тексеру орталықтарының кез келгенінде міндетті техникалық тексеруден өте алады.

Орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс кестелері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында көрсетілген.

2022 жылдың 30 желтоқсанында «Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Бұл ретте «Жол қозғалысы туралы» заңның 88-бабының 1-бөлігіне басқа мемлекеттерде тіркелген және Қазақстанда жүретін автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу бөлігіне толықтырулар енгізілген.