ОСК қабылдаған қаулыға сай, «Байтақ» пен «Республика» партиялары 19 наурызда өтетін мәслихат сайлауына ішінара жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ОСК шешіміне сәйкес, «Байтақ» Жасылдар партиясы Қазақстанның 15 облысынан, яғни Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан мәслихат депутаттығына өз кандидаттарын ұсына алады.
«Республика» партиясына Қазақстанның 19 өңірінде сайлауға қатысуға рұқсат етілген: Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан, Шығыс – Қазақстан облыстарында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында.