АСТАНА. 16 маусым. Президент әкiмшiлiгi мен Жамбыл аудандық мәслихатының келiсiмi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы басшысының өкiмiмен Жамбыл ауданының әкiмi қызметiне Иван Иванович Турков тағайындалды. Бұл туралы sko.kz хабарлады.
Иван Турков 1976 жылы туған. Қазақстан Тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетiн, «Фемида» заң академиясын қаржы менеджерi, заңгер мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Красноармейск есеп айырысу орталығының операторы болып бастаған. 1996–1997 жылдары Красноармейск ауданы бойынша салық инспекциясының инспекторы, 1997–1998 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша қаласында экономика, болжау және қаржы қызметiнiң маманы, 1998–2007 жылдар аралығында салық инспекторы, аға салық инспекторы, салық комитетiнiң бас маманы, Тайынша ауданы бойынша салық комитетiнiң бөлiм бастығы болып қызмет атқарды. 2007–2012 жылдары Тайынша ауданы әкiмiнiң орынбасары, 2013–2013 жылдары осы ауданның әкiмi болып еңбек еттi.
2013 жылдың шiлде айынан бастап осы тағайындауға дейiн Тайынша ауданы әкiмiнiң орынбасары болды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: sko.kz.
Фото: news.mail.ru.