• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Уругвай-Коста-Рика 1:3

420 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 маусым. Чемпионаттың Форталеза қаласында D тобындағы Уругвай мен Коста-Рика құрамалары арасында өткен ойынында екінші сенсация тіркелді. Онда костарикалықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Мамандар осы финалдық кезеңнің жеребесі тартылған бойда осы D тобын өліспей беріспейтіндердің шоғырланған жері ретінде атап еді. Мұнда олар топтағы Англия, Италия және Уругвай командаларын есепке алған болатын. Ал Коста-Рика жасағы тіпті де назарда болған жоқ. Солай бола тұра, нағыз топалаңды кеше осы құрама көрсетті. Ойынның бас жағы мұндай нәтиже әкелетінге ұқсамады. Алаңда барынша баяу да тепе-тең күрес жүріп жатты. Уругвайлықтар айрықша басымдылық та таныта қойған жоқ. Ал Коста-Рика мейлінше қатқыл ойнады. Оның қорғаушылары қарсы жақтың шабуылшыларын өз шептеріне қарай көп аса асырмады. Сондықтан уургвайлықтар шеберліктері деңгейімен алуға ұмтылды. Осы шеберлік ақырында бірінші голға да апарды. Уругвай шабуылшылары кезекті бұрыштама соғу құқығына қол жеткізді. Ал доп айып алаңына жеткізілгенде, қарсыластар қорғаушылары тәртіп бұзды. Міне, осыған орай белгіленген пенальтиді Эдисон Кавани 24-минутта дәл түсірді. Осымен бірінші таймның нәтижесі де өзгермеді. Коста-Рика жігіттерінің үйіріп соққан дауылдары екінші таймда тұрды. Оның басын шабуылшы Жоэль Кэмпбелл бастап берді. Кейін кездесу соңында үздік ойыншы атағына ие болатын осы форвард бұдан кейін де жасындай жарқылдады. Соңғы гол да оның тікелей араласуымен соғылды. Дегенмен, осы арада тағы бір гол салынған еді. Алдымен 54-минутта есеп теңестірілсе, арада 3 минут өткенде, Оскар Дуарте күтпеген жерден Коста-Риканы алға шығарды. Ол айып алаңында құлап бара жатып, допты қақпаға қарай бағыттап үлгерді. Ал үшінші голды Маркос Уренья 84-минутта Кэмпбеллдің жеке-дара алға шығаруы арқылы түсірді. Бұдан кейін Уругвай футболшылары қарсыласуларын қойды. Ызадан жарылардай болған олар тәртіп бұзушылықты да жиілетті. Соның бірі Макси Перейраның Жоэльдің аяғын қырқа тебуіне апарып соқтырды. Осы қасақана жасаған әрекеті үшін уругвайлық футболшы алаңнан қуылды. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Чемпионат.Ру.