• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2023

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты Гүлмира Кәрімованың жақындарына көңіл айтты

5604 рет
көрсетілді

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ұжымы Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гүлмира Раинбекқызы 1977 жылы Петропавл қаласында туған.

1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. Кейінірек Көкшетау университеті, қаржы бакалавры (2008), Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде педагогикалық білім (2016 ж.) мамандықтары бойынша магистратураны бітірген.

Ол еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қаласында бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастады. Өмірінің 25 жылдан астам уақытын білім беру мен бала тәрбиесіне арнап, осы саладағы білікті мамандардың біріне айналды.

«Білім саласының қызметкерлері арасында беделді, сыйлы тұлға болды. Ұжымымыздың атынан Кәрімова  Гүлмира Раинбекқызының мәңгі сапарға аттануына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол кісінің жарқын бейнесі мен бала тәрбиесіне сіңірген еңбегі жадымызда, жүрегімізде мәңгі сақталады», деп жазылған хабарламада.