АСТАНА. 15 маусым. Бүгін Ресифи қаласындағы стадионда шайқасқан Кот-д`Ивуар және Жапония құрамалары арасындағы ойын шиеленісі иолдығымен есте қалды. Ол 66-минутта соңғы нүктені қою құқығына ие болған африкалық команданың жеңісімен аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Дегенмен, бұл матчты бір-біріне ұқсамайтын екі бөлікке бөліп қарастыруға болады. Оның алғашқы бір сағаттық көлесінде «самурайлар» қарсыластарынан әлдеқайда әлеуетті көрінді. Олар 16-минутта Кейсуке Хонданың көмегімен алғашқы болып есепті де ашты. Осыдан кейін де Альберто Дзаккеронидің шәкірттері ойын тізгінін уыстарынан шығара қоймады. «Қара құрлықтың» өкілдері осы тұста допқа көбірек егелік еткендерімен, қақпаға қарай соққы жасауда азиялықтардан көп қалып қойды.
Алайда, соңғы жарты сағаттың ішінде бәрі түбегейлі өзгеріп кетті. Ол Сабри Лямушидің 62-минутта шайқасқа Дидье Дрогбаны қосып жіберуінен басталды. Оның келуімен «пілдер» күрт өзгеріп сала берді. Соның арқасында олар бар-жоғы екі минуттың ішінде есепті теңестіріп қана қоймай, алға да шығуға мүмкіндік алды. Алдымен 64-минутта Вилфрид Бони бірінші жауап допты соқса, артынша Жервиньо піл сүйегі жағалауы елінің құрамасын жеңіске бастады.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: Чемпионат.Ру.
Фото: Sportbox.ru.