• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қаңтар, 2023

Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі

225 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының жартылай финалында беларусьтік Арина Соболенкомен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Рыбакина 1/2 финалда тағы бір беларусь спортшысы Виктория Азаренконы жарыс жолынан шығарды. Ақтық сында Арина фаворит саналғанымен, жанкүйер қауым 1/8 финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентекті жеңген жерлесімізден жақсы нәтиже күтіп отыр.

Рыбакина – Соболенко кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады (матч Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады). Кездесуді кабельдік телеарна абоненттері Eurosport телеарнасынан көре алады.

Соңғы жаңалықтар