• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2023

Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

264 рет
көрсетілді

2003 жылғы Риддер қаласының тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті сайттың жазуынша, оқыс оқиға 27 қаңтар күні болған. 2 жасар баланың үшінші қабаттан құлағаны белгілі болды.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 жастағы риддерлік тұрғын баласымен қонақта болған. Үйіне қайтар кезде есіктің жабық екенін көрген.

- Мас әйел бірден балкон арқылы сыртқа шықпақ болғанда бала құлап кеткен. Бала бірден Риддер қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Тексеру нәтижелері баланың өміріне еш қауіп жоқ екенін, ауыр жарақат алмағанын көрсетті.

- Аталған факті бойынша әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта материал кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ата-ана құқықтарынан айыру туралы өтінішпен ұсынылады, - деді жауапты органдар.