• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Аргентина – Босния 2:1

341 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 маусым. Чемпионаттың F тобындағы  командалар да ұлы додаға қосылды. Рио-де-Жанейро қаласындағы «Маракана» стадионында Аргентина мен Босния және Герцоговина құрамалары кездесті. Ойын 2:1 есебімен атағы да, тәжірибесі де мол аргентиналықтар пайдасына шешілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ала жолақты жейделі құрама ойыншыларының әлем чемпионатының жалғыз дебютантымен бұл кездесуі олардың ұтысқа жеткендеріне қарамастан, оншалықты жақсы әсер қалдыра қойған жоқ. Бас жаттықтырушы Алехандро Сабельяның шәкірттері бірінші таймды өте сылбыр өткізді. Рас, олар 3-минутта-ақ алға шыққан болатын. Бұл голды босниялық Сеад Колашинац өз қақпасына түсіріп алды. Екінші таймда Аргентина құрамасы ойын тактикасын өзгертті. Осыдан кейін ол жігерді ойнай бастады. Соның ыңғайында Лионелл Месси өз есеібне өте әдемі гол жазды. Ол 62-минутта гол салды. Осыдан кейін аргентиналықтар алаңның билігін түгел өз қолдарына алды. Алайда, одан тиісті нәтиже шығара қоймады. Керісінше босниялықтар соңғы бес минутта жауап доп соғып кетіп, есепті қысқарта түсті. Оны 85-минутта Ведад Ибишевич жасады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Sportbox.ru.