ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.
2006-2009 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м. а.; бас маманы; сарапшысы.
2009 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.
2009-2011 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты.
2012-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.