• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2014

Мүдделестік орайындағы әңгіме

198 рет
көрсетілді

Берлинде ГФР басшылығының шетел дипломатиялық ведомстволары басшыларымен дәстүрлі кездесуінің шеңберінде Қазақстан елшісі Нұрлан Онжановтың Германия Канцлері Ангела Меркельмен кездесуі өтті. Тараптар екіжақты қарым-қа­тынастар бойынша пікір алысып, Қазақстан Республикасының Үде­мелі индустриялық-иннова­ция­лық бағдарламасын жүзеге асыру және «Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай» халықаралық көлік дәлізін қол­­дану аясында әріптестікті те­рең­­дету мүмкіндіктерін талқы­лады. Осы орайда негізгі назар Ши­кізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы әріптестік туралы Қазақстан-Германия үкіметаралық келісіміне, яғни экономикамыздың басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға аударылуы керек екені атап көрсетілді. Әңгіме соңында ГФР үкіметінің басшысы Ангела Меркель Ел­ба­сына және Қазақстан халқына өзі­нің ізгі ниетті тілектерін жолдап, Германияның Қазақстанмен екі­жақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін білдірді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.