Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы мешіттегі лаңкестік әрекеттен көз жұмғандар саны саны 83-ке дейін өсті, тағы 150-ден астам адам түрлі дене жарақаттарын алды. Қаза тапқандардың көпшілігі - полиция қызметкерлері, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Ауруханаға барған елдің премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылыстың артында тұрғандарға қарсы «қатаң шаралар» қабылдауға уәде берді. Бастапқыда терракт үшін жауапкершілікті пәкістандық Талибан командирі өз мойнына алған еді, бірақ кейінірек ұйым діни нысандарға жасалған шабуыл оның саясатына қайшы келетінін түсіндіріп, шабуылға қатысы жоқтығын айтқан.
Қаланың қатаң қорғалатын аймағында орналасқан мешіттегі шабуыл соңғы жылдардағы Пәкістан қауіпсіздік күштеріне жасалған ең қауіпті шабуылдардың бірі болды.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ