• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Елорда 31 Қаңтар, 2023

Елорда айналасында азық-түлік белдеуі қалыптасады

325 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өткен елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысы барысында Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаладағы өте өзекті мәселе – инфляцияның жоғары болуы. Былтырғы қорытынды бойынша бағаның қымбаттауы 23 пайызға жеткен. Бұл – республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттады. Әкімдік тұрақтандыру қорында резерв жинауды қойып, «айналым схемасы» аясында сауда желілеріне жеңілдікпен займ беруге көшті.

 14 миллиард теңге бөлінді. Бұл – өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қабылданып жатқан шаралардың тиімсіз екені анық. Жылдар бойы елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтылды, бірақ жұмыс орындалмады», деді Президент.

Оның айтуынша, Астана азық-түлікті Алматыдан 4 есе, ал Шымкенттен 2 есе аз өндіреді. Жалпы, барлық өңірмен салыстырғанда қала бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр. 

«Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінген азық-түлік импорты 3 есеге артты. Негізінен осы жерде шығаруға болатын өнімдер туралы сөз болып отыр. Бұл ретте жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындары тек жарым-жартылай жұмыс істеп тұр.

Көкөніс сақтайтын қойманың жетіспеуі салдарынан жағдай қиындап отыр. Сондықтан 2025 жылға дейін қалада 13 мың тоннадан астам көкөніс сақтайтын қоймалар салу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырамын», деді Мемлекет басшысы.