• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 31 Қаңтар, 2023

Елорда аймағы еліміздің экономикалық тірегіне айналуы керек - Тоқаев

405 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда аймағын еліміздің экономикалық тірегіне айналдыру керегін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері қала маңындағы аудандарда тұратын жұрттың әл-ауқатын арттыруға күш салуы керек. Астана агломерациясы инвестиция тартуға, инновацияларды енгізуге және білікті мамандардың еңбек етуіне барынша ыңғайлы болуға тиіс. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Әлем экономикасында түбегейлі өзгерістер болып жатқан қазіргі кезеңде бұл – өте өзекті мәселе. Біз осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, елорда аймағын еліміздің экономикалық тірегіне айналдыруымыз керек», деді Мемлекет басшысы. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті.