• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қаңтар, 2023

Қазақстанда Digital Justice қызметі іске қосылады

197 рет
көрсетілді

Әділет министрлігі халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде кезекті қызметті іске қосады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ғана емес, білікті мамандардан заң мәселелері бойынша да кеңес беріледі.

«Осыған байланысты кез келген адам оңай есте қалатын 1414 нөміріне қоңырау шалуына болады. Қазақстан бойынша барлық ұялы байланыс операторына және стационарлық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін», деді Талғат Уәли.