• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Қаңтар, 2023

Хоккейден Қазақстан құрамасы Эстонияны жеңді

169 рет
көрсетілді

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Эстонияны жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болгарияның София қаласында екінші дивизионның В тобында 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан хоккейшілері Эстонияның спортшыларымен ойнады. Бұл кездесуде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Эстонияны 8:0 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы А тобына жолдама алу үшін Исландия, Жаңа Зеландия, Болгария, Бельгия және Эстония құрамаларымен таласады.