• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Ақпан, 2023

Қар,тұман: Бүгінгі ауа райы болжамы

217 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстігі, шығысы солтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты қар жауып, тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

«Республиканың оңтүстік облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады», делінген синоптиктер хабарламасында.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Құбылмалы бағыттағы жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -24-26°С, күндіз -12-14°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +3+5°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). Жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +10+12°С.