• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2014

Елімізде инвестициялық ахуалды жақсартуға барлық жағдай жасалуда

261 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 маусым. Шетелдік инвесторлар еліміздегі инвес­ти­циялық ахуалды жақсартуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау білдіреді. Франциялық «Total» компаниясының вице-президенті Ив-Луи Даррикаррэр осындай пікірде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ив-Луи Даррикаррэр: «Біз Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынасқа түскеннен бері бұл елдің жағдайы жылдан-жылға жақсара түскендігіне, қабылданған шешімдердің өмірде нақты жүзеге асып жатқандығына куә болып жүрміз. Оның үстіне қазақ-француз бірлескен жобалары арта түсуде. Соның нәтижесінде Франция қазіргі күні Қазақстан экономикасындағы ең ірі төрт инвестордың бірі болып отыр», – деді. Бүгінде елімізде 150-ден астам француз компаниялары жұмыс істеуде. Олар ел экономикасының авиағарыш, мұнай-газ, көлік секілді маңызды салаларында еңбек етіп келеді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: mn.ru.  
Соңғы жаңалықтар