• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Президент 01 Ақпан, 2023

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

234 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.