• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Ақпан, 2023

Түркістан облысында 25 жыл бұрын хабарсыз кеткен шетелдік табылды

157 рет
көрсетілді

Түркістандық тергеушілер 25 жыл бұрын із-түссіз кеткен шетелдік қызды жақындарымен қауыштырды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың наурыз айында Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне көршілес қаладағы полиция бөлімінен Өзбекстан Республикасының азаматы, яғни үй-күйсіз (аты-жөні белгісіз, құжатсыз) жүрген 40-тан асқан әйелдің ісі келіп түскен. Онда Шымкент қаласындағы дағдарыс орталығына түскен өзбекстандық әйел, Сарыағаш ауданында жасырын құрылған притонда құлдықта болғанын, 10 жасында әке-шешесі Өзбекстан Республикасына белгісіз біреулерге сатып жібергенін айтқан.

Осы іс бойынша Сарыағаш полицейлері жан-жақты тергеу әрекеттерін жүргізді. Сол жылдың қарашасында іс Түркістан облысы ПД-ның өндірісіне қабылданды. Тергеу барысында сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптамалары тағайындалды. Оның жақын таныстарынан жауап алынды. Желтоқсан айында ҚР ІІМ арқылы Өзбекстан Республикасына жәбірленушінің жеке басын анықтау мен оған қатысты шынында адам саудасы қылмысы орын алған немесе алмағандығын анықтау үшін халықаралық тапсырма жолданды.

Полиция департаментімен жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде департамент қызметкерлері Өзбекстан Республикасы Қашқадария облысы ШаҺрисабз ауданы Сарчашма ауылынан жәбірленушінің әке-шешесі, туған-туыстарын анықтап, олармен кездесу жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері әйелдің заңды түрде құжаттануы үшін қажетті шаралардың барлығын атқарып, жеке куәлігі мен төлқұжатын алуға ықпал етті.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің өз еліне оралуына жағдай жасалынып жатыр. Анықталғандай, жәбірленуші 17 жасында үйінен кетіп қалған. Ал жәбірленушінің «құлдықта болдым, әке-шешем сатып жіберген» деген уәждері дәлелін таппай ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағымен тоқтатылды.