АСТАНА. 17 маусым. Еліміз шетелдік инвестицияларды тартуда Орта Азияда көш бастап тұр. Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пшембаев осындай пікірде. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.
Мейрам Пшембаев: «Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына (ҮИИДМБ-1) 100 млрд. доллардан астам инвестиция тартылды. Қазіргі таңда Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығына (ҮИИДМБ-2) баса назар аударылуда», – деді.
Еліміздің шетелдік инвесторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқанын дәлелдей сөйлеген депутат: «Бүгінде жүк магистральдық тепловоздары шығарылып жатыр. Кеше «General Electric» президенті енді компания жолаушылар тепловоздарын шығаратынын мәлімдеді», – деп толықтырды.
Оның айтуынша, шетелдерден молынан инвестиция тарту еліміздің экономикасының сапалық тұрғыда дамытады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: ortcom.kz.
Фото: nurotan.kz.