• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Ақпан, 2023

Мобильдік қосымша арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш беруге болады

232 рет
көрсетілді

Енді азаматтар Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің смартфондар арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Әділет министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш беру бойынша сервисін іске қосты. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.«Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін «Мемқызметтер» бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі және екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет. 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді. Естеріңізге сала кетейін, бұрын бұл мерзім 1 айды құраған еді», деді Талғат Уәли.