• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Ақпан, 2023

Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр?

614 рет
көрсетілді

Елорда кәсіпорындарында жыл сайын өндіріс пен экспорт көлемі өсіп келеді. «Astana Invest» арнайы экономикалық аймақтарды дамыту департаментінің директоры Дияр Асқаров онлайн-брифингте өнеркәсіп орындарының дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 101,7% нақты көлем индексімен 1,9 трлн теңгеге дейін өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 101,2%-бен 1,7 трлн теңгеге өнім өндірілді. Ал елорда өнеркәсібінің жалпы көлемінің 91% құрайды. Электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптау кәсіпорындары  - 7,6%, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау - 1,3% құрайды.

Елордадағы өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының қатарына металлургия, машина жасау, сусындар, резеңке, пластмасса, өзге де металл емес минералдық өнімдер, тамақ өнімдері жатады.

«2025 жылға дейін қаланың жалпы өңірлік өнімін 10%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда осы жылдың 1 жартыжылдығында қаланың ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9,4%-ы құрады. Елорданың өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 2022 жылдың қаңтар-тамызында 1,7 млрд АҚШ долларын құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті», деді Дияр Асқаров.