• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 02 Ақпан, 2023

Отандық фильм оза шапты

293 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсі­рілген «Пар­алимпиадашы» фильмі Мумбайда (Үндіс­тан) өткен Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымының кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды.

Режиссер Алдияр Байра­қы­мовтың бұл кинотуындысында басты рөлді сомдаған Ас­қар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды. Фес­тивальге 14 елден бар­лығы 57 фильм ұсынылған. Өнер додасына отандық делега­цияны Димаш Құдайберген бастап барды.

Бұл аталған кино­картинаның алғашқы марапаты емес – өткен жылы ол Ресейде өткен кинофестивальдерде екі мәрте гран-приді иеленді.

Фильм қазақстандық пар­­алимпиадашылардың өміріндегі нақты оқиғаларға негіз­делген. 2018 жылы Пхенч­ханда жеңіске жеткен Қазақстандағы алғашқы қыс­қы Паралимпиада чемпио­ны Александр Колядиннің же­ңіске жету жолын баяндайды.

«Мен бүгін бақыттымын. Бұл – менің алғашқы сый­лығым. Біз үлкен еңбек жасап, бүкіл жанымызды салдық. Басты мақсатымыз – паралимпиадашылар туралы айту, олардың жеңістерінің артында қандай ерік-жігер, күш пен ұмтылыс тұрғанын көрсету. Бұл туынды мемлекеттік қол­даудың арқасында жарыққа шыққанына қуаныштымын», деді актер Асқар Ілиясов.

Сонымен қатар кинофести­валь­де отандық «Ұлы дала та­ңы», «Мұқағали», «Мама, мен ті­рі­­мін!» «Адемоканы оқыту» және «Ыс­тық­­­көл» фильмдері көрсетілді.