Президент Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасын аралап көріп, кәсіпорынның цехтарымен және дайын өнімдерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Голланд технологиясымен 1 млн балапан өсіретін құс фабрикасында 250-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді.Кәсіпорын жыл сайын 8 мың тонна бройлер етін өндіреді, сондай-ақ өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және Ресейге, Қырғызстанға экспортталады.Биыл құс фабрикасының өндірістік қуатын 12 мың тоннаға дейін арттыру үшін жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын 6 нысан салу жоспарланып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құс шаруашылығының дамуы жөнінде мәлімет берілді.