• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Экономика 03 Ақпан, 2023

Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі

376 рет
көрсетілді

Қазақстан елшісі Төлежан Барлыбаев Словакияның Сауда-өнеркәсіп палатасына барып, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылау мақсатында СӨП төрағасы Петер Михокпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұхбат барысында дипломат еліміздегі экономиканың жай-күйі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметінің алдына қойған міндеттері туралы айтты. Өткен жылы Қазақстан экономикасының 3,1%-ға өскені айтылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара сауданың тұрақты өсу үрдісі атап өтілді, оның көлемі 2022 жылы 43%-ға өсіп, 120 млн АҚШ долларынан асты. Бұл ретте қазақстандық өнімдердің Словакияға экспортын ұлғайту арқылы тауар айналымының құрылымын кеңейту және саудадағы теріс сальдоны азайту қажеттігі айтылды.

Словакия Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы қазақстандық нарықтың зор әлеуетін, сондай-ақ словак бизнесінің Қазақстанмен іскерлік байланыстарды дамытуға мүдделі екенін айта отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Кездесу нәтижесінде Словакияның астанасы мен өңірлерінде Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы дөңгелек үстелдер мен презентацияларды бірлесіп ұйымдастыру, сондай-ақ бизнес жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы тұрақты ақпарат алмасуды жолға қою туралы уәделесті.