• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 04 Ақпан, 2023

Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды

204 рет
көрсетілді

Үкіметте Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен  кеңесте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары басшыларының қатысуымен жаңа кен орындарын барлау және игеру, қайта өңдеу және газ химиясы салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ жалпы, газ саласын дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды. 

Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кен орындарының ағымдағы өндірістік балансы және перспективті учаскелердің әлеуетті қуаты қаралды. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар нақты тапсырма берді.